Елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 Тамыз 2023 2023, 13:53
АВТОР
 BAQ.KZ  - архив 7 Тамыз 2023 2023, 13:53
7 Тамыз 2023 2023, 13:53
1018
Фото: - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдің орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында  нөсер жауын болады.

Елдің басым бөлігі жаңбырлы және найзағайлы тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, дауыл тұрып,  бұршақ жауады.

Бұл ретте температуралық фонда ерекше өзгерістер болмайды. Елдің батыс аймақтарында ауа райы әлі де ашық және ыстық болады.

Наверх