Елдің басым бөлігінде күн суытып, -42 градус аяз болады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;&nbsp;«Қазгидромет»&nbsp;РМК алдағы үш күнге, яғни 26-28 желтоқсан&nbsp;күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.</h4>

25 Желтоқсан 2020 2020, 12:00
АВТОР
 25 Желтоқсан 2020 2020, 12:00
25 Желтоқсан 2020 2020, 12:00
2927

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Арктикалық суық ауа массаларымен Солтүстік Антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының күрт төмендеуін тудырады. 

Термометр бағаны 35-42 градус аязға жетеді. Аяз күшейіп, елдің басым бөлігінде күннің салқындауына әкеледі. Тек республиканың батыс өңірлеріне 27 желтоқсаннан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қорымен Атлантикалық циклон ауыса бастайды. 

Ол жауын-шашын, кей жерде қатты (көбінесе қар), желдің күшеюі мен жаяу бұрқасын және ауа температурасының - күндізгі уақытта 0-5 градус аязға дейін, кей жерде 0-5 жылыға дейін қысқа мерзімді көтерілуін әкеледі. Сондай-ақ республика бойынша кей жерде тұман, батыста және оңтүстікте көктайғақ болады.

Наверх