"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 13 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Алматы облысының және Алматы қаласының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының түнде солтүстік жартысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың қиыр оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 13 мамырда түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 13 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, Қазалы ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с болады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.