Өртті сөндіру үшін қажетті күш пен құралдар жеткілікті – Қасымбек

6 Шілде 2021, 14:30
1835
Бөлісу:
Өртті сөндіру үшін қажетті күш пен құралдар жеткілікті – Қасымбек
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сағат 10:00-де Шеңбер ауылдық округінде болдым. Мұнда дала өртінің тағы бір ошағы тіркелді. Өрт Қостанай облысы жағынан келді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер және орман шаруашылығының қызметкерлері жұмыс істеуде, деп жазды Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында. 


Елді мекенге төніп тұрған қауіп жоқ. Сондай-ақ әуеге көтеріліп, Амангелді ауылдық округіндегі жағдаймен таныстым. Мұнда түнде өрт орын алған болатын. Қазір өрт ошағы толықтай сөндірілді, - деді облыс басшысы.
Өртті сөндіру үшін қажетті күш пен құралдар жеткілікті – Қасымбек

Ұлытау ауданы бойынша барлығы 6 өрт ошағы бақылауға алынған.
Оның ішінде төрт дала өрті және екі өрт ошағы бар. Сәтбаев қаласы маңындағы өрт ошағы сөндірілді. Ал Борсеңгір ауылының маңындағы өрт ошағын өшіру жұмыстары аяқталу сатысында. Қауіпті учаскелерді жою үшін қажетті күштер мен құралдар жеткілікті. Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан әкімдіктер 20 тонна көлемінде ЖЖМ мен азық-түлік жеткізуді ұйымдастырды, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Өртті сөндіру үшін қажетті күш пен құралдар жеткілікті – Қасымбек
Өзгелердің жаңалығы