Елдер арасында электр энергиясын жеткізу коммерциялық негізде жүзеге асырылуы керек – Ресей вице-министрі

14 Шілде 2022, 12:00
1356
Бөлісу:
Елдер арасында электр энергиясын жеткізу коммерциялық негізде жүзеге асырылуы керек – Ресей вице-министрі
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресей энергетика министрінің орынбасары Павел Сниккарс ТМД электр энергетикалық кеңесінің 60 жылдық мерейтойлық отырысында айтты.

Біздің энергия жүйелері синхронды түрде жұмыс істейді. Ресей тарапынан қажет болған жағдайда электр энергиясын қабылдау мен жіберу жүзеге асырылады. Электр энергиясын жеткізулер коммерциялық негізде жүзеге асырылады. Бізде жеке келісімшарттар да бар. Жақын арада ол екі ел арасында мақұлданып, жұмысқа кіріседі деп ойлаймын. Елдер арасында электр энергиясын жеткізу коммерциялық негізде жүзеге асырылуы керек, - деді ол. 

Сниккарс  техникалық жұмыстар да бар екенін айтты. 

Біз бір-бірімізге жәрдемдескен кезде техникалық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Ал жоғарғы параметрлер, көлемдер коммерциялық жеткізулер аясында жасалуы керек. Көлемдер де әртүрлі болады. Мысалы, 1500 Мвт/сағ Ресей тарапынан да, Қазақстан тарапынан да болуы мүмкін. Оның сомасы айтарлықтай болады, - деді ол. 

Отырысқа  Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Қырғыз, Армения, Беларусь, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Түрікменстан өкілдерінің қатысты. 

Өзгелердің жаңалығы