Елден жанармай шетелге заңсыз шығарылған

5 Тамыз 2022, 11:41
1113
Бөлісу:
Елден жанармай шетелге заңсыз шығарылған

ҚМА мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың көлеңкелі схемаларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы бағытта Агенттік жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде жан-жақты тексерулер жүргізіп жатыр. 

Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерін атын жамылып, жанар-жағармай материалдарын экспорттау фактілері анықталды. 

Кейбір жағдайларда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан.

Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер! Егер Сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне тап болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз,- делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы