Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты қор құрылады

24 Мамыр 2023, 11:49
1405
Бөлісу:
Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты қор құрылады
Фото: primeminister.kz

Елімізден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты қор құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Айтуынша, активтерді қайтару үшін жеке шот немесе кәсіпорын түріндегі жаңа қор құрылады.

Біз қайтаратын мүлікті басқаруымыз, оны қандай да шотқа аударуымыз керек. Ол үшін әрине, құрылым қажет екендігі белгілі. Ол кішігірім, мүмкін 10 адамнан тұратын (құрылым – ред.) болады. Менің ойымша, бюджет қаржысын үнемдеу үшін ол адамдар сол қорда немесе кәсіпорында жұмыс істеп, қайтарылатын активтер есебінен қаржыландырылғаны дұрыс. Белгілі бір мөлшерде жалақы белгіліп, қаржыландыруды шектеген абзал, - деді министр Мәжілістің кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Белгілі болғандай, бұл – айрықша қызмет. Сондай-ақ қызметкерлер шетелдік ведомстволармен тығыз жұмыс істеуі үшін шет тілдерін меңгеруі керектігін алға тартты. Жаңа қор құрмай-ақ, жұмысты Ұлттық банкке жүктеуге қатысты да өз ойымен бөлісті.

Ұлттық банктің өз мандаты бар. Сол үшін ол мүмкін емес. Мұның барлығы заң әзірленген соң Парламентте талқыланатын болады, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы