Елден көшіп кеткен қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 10 млрд теңге алып кеткен

25 Мамыр 2021, 22:45
13899
Бөлісу:
Елден көшіп кеткен қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 10 млрд теңге алып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың басынан бастап қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 10 млрд теңгеден астам қаражат алды, деп хабарлайды LS.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында LS ресми сауалына Қазақстаннан біржолата көшіп кеткен салымшыларзейнетақы қорынан қаражаттарын алып кеткен.

2021 жылдың басынан бері 4,6 мыңнан астам адам (4683 төлем) жалпы сомасы 10,6 млрд теңгеге жуық төлем алған. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде – 12,6 млрд теңгеге 6,2 мың адам, – деп атап өтті БЖЗҚ-да.

Қорда 1,4 млрд теңге 538 төлем ұлттық валютада, 8,7 млрд теңге 4 мыңнан астам төлем рубльмен, 400 млн теңге 87 төлем доллармен, 100 млн теңге 28 төлем евромен және 10 млн теңге үш төлем фунт стерлингпен аударылғанын атап өтті.

Фунт стерлингтегі төлемдер Ұлыбритания мен Ресейге жіберілді. Доллармен – Ресейге, Беларуське, Украинаға, Қырғызстанға, Канадаға, АҚШ-қа, Израильге, Австралияға және басқа елдерге, евромен – Германияға, Италияға, Нидерландыға, Швецияға және басқа елдерге жіберілгін.

Зейнетақы ақшасы жеке зейнетақы шоттарында мерзімсіз сақталады, оны алуға өтінішті біржолата кеткеннен кейін кез келген уақытта өтініш бере аласыз. Шетелге кеткеннен кейін бес және одан да көп жыл өткен соң төлемді алу үшін өтініш беру жағдайлары жиі кездеседі, - деді БЖЗҚ-да.

Сонымен қатар 2021 жылдың I тоқсанында елден 5519 адам кетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстаннан кеткендер саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға азайған.

 



Өзгелердің жаңалығы