Елдегі Спортшылар одағы президенттікке кандидат ұсынды

5 Қазан 2022, 11:52
891
Бөлісу:
Елдегі Спортшылар одағы президенттікке кандидат ұсынды

«Қазақстан спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жиынға қатысқан Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің айтуынша, Мемлекет басшысы бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. 

Елімізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жаңа реформалар күтіп тұр. Ол әлеуметтік әділдік пен баршаға бірдей тең мүмкіндіктің болғанын қалайды. Бүгін біздің спортшыларымыз Қазақстанның атын халықаралық ареналарда асқақтатып жүр. Экономикамыздың мықтылығы мен қоғам бірлігінің арқасында соның ішінде, спорт саласында да үлкен жетістікке жеттік, - деп атап өтті Серік Сәпиев. 

Елдегі спортшылар одағы өткізген іс-шараның қорытындысында қатысушылардың барлығы бір ауыздан алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын қолдады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазақстанның азаматтық альянсы» Мемлекет басшысының кандидатурасын қолдайтынын ұйым басшысы Бану Нұрғазиева жеткізген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы