"ҚазАвтоЖол" компаниясы 16 желтоқсанда ел аумағында қандай тасжолдарда қозғалыс шектелмегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 16 желтоқсанда ауа райының тұрақталуына байланысты республикалық маңызы бар төмендегі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылады.
Ақмола облысы
республикалық маңызы бар «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 18–232 км аралығы (Астана қаласы – Щучинск қаласы);
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 445–595 км аралығы (Державинск қаласы – СҚО шекарасы).
Қостанай облысы
«Қостанай – Әулиекөл – Сурган» автожолы, 8–218 км (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы);
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолы, 683–729 км (Сарыкөл кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолы, 729–768 км (Қостанай облысының шекарасы – Токсан би ауылы);
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 595–671 км (Ақмола облысының шекарасы – Токсан би ауылы).
Ақтөбе облысы
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776–1240 км ( «ЭКО ОЙЛ» жанармай құю бекетінен Қызылорда облысының шекарасына дейін);
«Ақтөбе – РФ шекарасы» автожолы, 39–136 км (Ш. Қалдаяқов атындағы кент – Әлімбет өткізу пункті).
Қызылорда облысы
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 1240–1474 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Айтеке би кенті).
Қарағанды облысы
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1067–1135 км (Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін);
«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолы, 231–324 км (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті).
Абай облысы
«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолы, 587–733 км (Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін).
Жылдамдық режиміне шектеу
14 желтоқсаннан бастап Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 18–230 км аралығында (Астана қаласы – Щучинск қаласындағы бақылау-өткізу пункті) жылдамдық режимі 80 км/сағаттан 60 км/сағатқа дейін төмендетілді. Бұл шектеу көліктің барлық түріне қатысты.
Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Осинов асуындағы күрделі таулы жағдайға байланысты «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 км аралығында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл шектеу қыс мезгілі аяқталғанға дейін күшінде болады.
Барлық көлік түрі үшін жабық
Павлодар облысы
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» көлік айрығы (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол).
Ақмола облысы
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16–200 км (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы);
осы автожолдың 200–254 км аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті);
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 445–595 км (Державинск қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 595–671 км (Ақмола облысының шекарасы – Токсан би кенті).