Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өзін Қазақстан тарихындағы ең жас министр дейтіндерге жауап берді.
Менен де жас кезінде министрлік тізгінін ұстағандар бар. Иә, дәл қазір ең жасы мен екенім рас. Бұл - үлкен жауапкершілік. Мемлекет басшысының сенімі. Осы салада елдің дамуына өз үлесімді қосу үшін бар күш-жігерімді салып жатырмын. Енді екінші жағынан бір сұрақ туындайды. Бұған қалай жетуге болады? Бұл тәулік бойғы жұмыс, өз-өзіңді қолға алу және сенім артылған саланы дөңгелетіп әкету, - дейді ол.
Еске сала кетейік, Әсет Ерғалиев 2021 жылдың 18 қаңтарында Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ол қазір 35 жаста. Бұған дейін бұл қызметті қазір Еуразиялық Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары болып жүрген Руслан Дәленов атқарған.