Елде жылына 2500-ға жуық адам тек жол апатынан қаза табады

27 Мамыр 2023, 05:18
1160
Бөлісу:
Елде жылына 2500-ға жуық адам тек жол апатынан қаза табады
Фото: inbusiness.kz

Жыл сайын елімізде 2500-ға жуық адам жол апатынан қаза табады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мен Sergek Group компаниясы ұйымдастырған «Жол қауіпсіздігі саласындағы цифрландыру және жаңа технологиялар» форумында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Ішкі істер министрінің орынбасарлары Игорь Лепеха мен Сәкен Сәрсенов, ІІМ Әкімшілік полиция және ақпараттандыру қызметтерінің басшылығы, сондай-ақ көлік саласының ұйымдары мен кәсіпорындары қатысты.

Жол қауіпсіздігі мәселелері өте өзекті және жұртшылықтың назарында. Бұл жағдай ел басшылығын алаңдатады. Жыл сайын жолдарда 2,5 мыңға жуық азаматымыз қаза тауып, 19 мыңнан астам адам жарақат алады. Алайда, қазір полицияның жұмысы оның салдарын жоюға ғана бағытталған. Қолданыстағы тәсілдер мен шешімдер енді жеткіліксіз. Көлік жүргізу мәдениетін арттыруда және жолдардағы бұзушылықтарды анықтауда цифрлық технологияларды қолдану өте маңызды, - деді И. Лепеха.

Ішкі істер министрінің қызмет жөніндегі орынбасары Игорь Лепеха жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қазақстандықтардың әл-ауқатының, олардың өмірінің жайлылығы мен қауіпсіздігінің міндетті шарты екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы