Елде вагондардың рельстен шыға беруіне не себеп?

31 Наурыз 2021, 13:04
1130
Бөлісу:
Елде вагондардың рельстен шыға беруіне не себеп?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте «Қазақстан Теміржолы» ҰҚ АҚ филиалының директоры Бауыржан Орынбасаров жауап берді.

Оның айтуынша, бұған жөндеу жұмыстары кезіндегі техникалық ақаулар, сапасыз қызмет қана емес, өзге де факторлар әсер етеді. 

Вагондардың рельстен шығу себептерінің басым бөлігі техникалық себептерге емес, адами факторға, оның ішінде жол үстінде малдың тұруы, адамдардың жүруі сынды жағдайларға байланысты. Қараусыз малдың рельске шығып кетуі, суицид жағдйалар, әсіресе адамдардың өз өміріне салғырт қарауы, құлаққап киіп алып рельстен өтуі сынды фактілер өте көп. Мысалы, жуықта Павдолар облысының Шідерті станциясында ресейлік нөмірі бар көлікті рельстің үстінде тастап кеткен, - деді ол. 

Осы орайда компания Бас көлік прокуратурасына қауіпі жоғары аймақта қауіпсіздік ережелерін сақтамаған адамдарға айыппұл мөлшерін жоғарылату туралы ұсыныс жолдады.

Сонымен қатар малын жайылымдық емес жерге жіберген мал иесі де жауапқа тартылуы тиіс. Компания 21 мың шақырым теміржолды қоршай алмайды. Адамдардың жауапкершілігін жоғарылату қажет. Ал компания себебінен болатын техникалық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жөндеу жұмыстарынның сапалы атқарылуы бақылауға алынды. Бұл жұмысқа дирекцияға бағынбайтын пойыз диспетчерлері де бақылайтын болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы