Елде тұрғын үй сатып алу-сату жағдайы қалай?

10 Ақпан 2023, 17:46
833
Бөлісу:
Елде тұрғын үй сатып алу-сату жағдайы қалай?
Фото: Zakon.kz

2023 жылғы қаңтар айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 294 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 5 879 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 18 415 мәміле жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдыңғы аймен (33 587) салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27,7%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 599 – 23,0%) және Астана (4 040 – 16,6%) қалалары әлі де көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 285 (1,2%).

Статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2023 жылдың қаңтарында мәміле бойынша теріс көрсеткіш Қазақстанның барлық аймағында байқалды. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Түркістан (-43,1%), Абай (-42,0%) және Ақмола (-41,5%) облыстарында болды.

2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 7 618-ге азайған, олар бойынша қаңтар айында барлығы 18 415 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,8%-ы. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым. Қаңтар айында олардың 7 586-ы ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (63,4%) тиесілі. 2 бөлмелі пәтер бойынша 6 214 мәміле жасалды.

2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 22,2%-ға (1 675 мәмілеге) азайып, 5 879-ды құраған. Сонымен қатар, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды.

2023 жылдың қаңтарында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 27,2%-ға азайған, ол кезде 33 365 мәміле ресімделген болатын (2021 ж. қаңтар – 21 577). Осылайша теріс көрсеткіш барлық дерлік аймақта тіркелді. Тұрғын үйді алып-сату бойынша айтарлықтай тұрақтылық Астана қаласында байқалды, мұнда төмендеу не бәрі – 0,8%. Ал оң динамика тек Алматыда тіркелді, өсім – 34,1%.

Өзгелердің жаңалығы