Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қаңтар-наурызда 204 мың жеңіл автомобиль тіркелген.
Көрсетілген кезеңде Қазақстанда 204238 жеңіл автомобиль есепке қойылды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9% аз. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елде тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3 833,3 мың, - делінген Статистика бюросы таратқан хабарламада.
2022 жылғы бірінші тоқсанда 2600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8% азайды
1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10,7 млрд теңге сомасында 21370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.