Ақпан айында 136,6 мың автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы ақпанда 136,6 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5% аз.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 378,9 мың бірлікті құрады
Оның ішінде:
88,1% – жеңіл автомобильдер
9,9% – жүк автомобильдері
2% – автобустар