Елде қанша аурухана мекемесі бар

7 Қыркүйек 2023, 09:02
737
Бөлісу:
Елде қанша аурухана мекемесі бар
Фото: BAQ.KZ - архив

2022 жыл соңына қарай Қазақстанда аурухана мекемелерінің саны 818, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,8% артық. Ауруханалардың ең көп саны Шымкент қаласында – 88, ең азы Ұлытау облысында – 11.

Сондай-ақ 2022 жыл соңындағы барлық мамандықтағы дәрігерлердің саны 79 409 адамды құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,5% өсті.

Өңірлер бөлінісінде дәрігерлердің ең көп саны Алматы және Астана қалаларында, тиісінше 13 859 және 9 937 дәрігер. 10 мың адамға шаққанда дәрігерлер санының қатынасы Астана қаласында ең көп – 73,4 маманнан, одан әрі Алматы қаласы – 64,1, үштікте Қарағанды облысы да бар, онда 10 мың адамға 50,3 дәрігерден келеді. Дәрігерлердің халық санына шаққандағы қатынасы Алматы облысында ең аз – 10 мың адамға 23 дәрігер.

Өзгелердің жаңалығы