Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжілісте Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты көтерілетінін айтты.
Оның айтуынша, 4,2 млн адамның әлеуметтік төлемі өседі.
Инфляция дәлізінің 8-10%-ке дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін қосымша тағы 4%-ке индексациялау жоспарланып отыр. Бұл жиынтық мәнде барлық әлеуметтік төлемнің 9%-ке, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ке өсуін қамтамасыз етеді, - деді Тоғжанов мәжіліс отырысында.
Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.