Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда экономика құрылымында машина жасау саласының үлесі 1,5%, ал өңдеуші өнеркәсіп -13%. Салада қазіргі таңда 3 мың 800 кәсіпорын қызмет етуде, жұмыспен қамтылғандардың саны 118 мыңнан астам адамды құрап отыр, – деді министр.
Министрдің дерегінше, соңғы 5 жыл ішінде саланың нақты өсімі 2,3 есеге жетті , ең жақсы өсімді автомобиль жасау саласы көрсетіп отыр (4,7 есе).
2022 жылдың қорытындысы бойынша машина жасауға шамамен 500 млн доллар тікелей инвестиция тартылды, бұл көрсеткіш рекордтық болып отыр. 2023 жылдың 1-ші тоқсанында салаға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 208 млн долларға жетті, – деді Қарабаев.
Ол өңдеуші өнеркәсіп салаларының ішінде машина жасау ең қарқынды дамып келе жатқан сала екенін атап өтті.
Салыстырмалы түрде соңғы 5 жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіптің орташа өсу қарқыны 4,5% болса, ал машина жасаудың өсу қарқыны 17,6% құрап отыр, – деді Индустрия министрі.