Елде криминалистикалық цифрлық зертхана пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Заманауи технологияның көмегімен енді полицейлер алаяқтарды дер кезінде ұстап, кінәсіз жандарды қамауға алу қаупін азайтпақ. Сондай-ақ зертхана құқық бұзушыларды анықтауға, тергеу ісіне серпіліс береді. Мұнда мамандар бағдарламалық-аппараттық кешендер арқылы компьютерлік-техникалық зерттеулер жүргізеді.
Одан бөлек, портреттік талдау жүргізуге болады. Осылайша заң бұзған адам деректер базасынан автоматты түрде анықталады.