Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 9 479 958 адам салдырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның ІІ компонентін 9 233 957 адам салдырды.
2022 жылғы 24 сәуірдегі «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 045 637 адам, ІІ дозасын 896 246 адам салдырды.
Вацинаның І компонентін салдырғандардың 816 948-і жасөспірімдер, 37 807-сі жүкті әйелдер, 135 122-сі бала емізетін әйелдер.
ІІ компонентін салдырғандардың 740 331-і жасөспірімдер, 32 840-ы жүкті әйелдер, 117 731-і бала емізетін әйелдер.