Елде ет қымбаттады

16 Шілде 2021, 11:42
6594
Бөлісу:
Елде ет қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда қой еті 14%-ға қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, басты себеп - елден тірі малды экспорттау болып отыр екен.

2021 жылдың шілдесіне қарай елде 22,9 млн бас қой болды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,6%-ға көп. Өңірлер бойынша Түркістан облысында ең көп қой екен онда 5,5 млн бас. Көшбасшылардың қатарында Алматы (4,3 млн бас қой, плюс 4,7%) және Жамбыл (3,4 млн бас, плюс 3,7%) облыстары бар, - делінген Energyprom.kz сайтында.

Елде ет қымбаттады

Сарапшылардың айтуынша, жарты жыл ішінде 35,5 мың тонна қой жүні алынған. Бұл бір жыл бұрынғыға мерзімге қарағанда 2,2%-ға көп.

2021 жылғы қаңтар–маусымда шаруашылықтарда 131,8 мың тонна өндірілген.

Елде ет қымбаттады

2021 жылдың маусым айында базарлар мен дүкендерде қой етінің бір келісі үшін 2,3 мың теңге сұраған, бұл былтырғыға қарағанда 14,4%-ға қымбат.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасындағы ең жоғары бағалар Нұр-Сұлтан, Алматы (1 кг үшін 2,9 мың теңгеден) және Қарағандыда (1 кг үшін 2,6 мың теңгеден). Осы аймақтарға қарағанда Оралдықтар мен Петропавлдықтар етті біраз арзанға алады екен (келісі үшін 1,7 мың теңгеден).

Қой еті бағасы Алматыда қымбаттаған екен. Бір жылда бірден 22,6%. Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында да қой еті айтарлықтай қымбаттаған.

Елде ет қымбаттады

Малды тірідей экспорттау ел ішіндегі қой бағаларының көтерілуіне әкеп соққан.

Өзгелердің жаңалығы