Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша 2021 жылғы қарашада Электрондық еңбек биржасында 106,9 мың бос жұмыс орны және 35 мың түйіндеме орналастырылған. Еңбек нарығында жарияланған бос орындар (-23%) және орналастырылған түйіндемелер (-28%) санының қысқаруымен белсенділіктің төмендеуі байқалды.
Қараша айында ЭЕБ-да маусымдық жұмысшыларға қажеттіліктің төмендеуі байқалды. Сонымен бірге, қазан айымен салыстырғанда электр монтажшылары мен қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеушілеріне сұраныс артты (бос жұмыс орындарының өсуі сәйкесінше +250 және + 209). Қараша айында қосалқы және түрлі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер, білікті жұмысшылар арасында – күзетшілер, медбикелер/мейіргерлер, автомобиль жүргізушілері көп сұранысқа ие болды. Жалпы, ЭЕБ-ға сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді – жұмыс іздеуде көп түйіндемені түрлі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер, жүргізушілер, медбикелер/мейіргерлер, сонымен қатар бухгалтерлер орналастырды.
Өңірлер бөлінісінде ЭЕБ-да бос жұмыс орындарын Түркістан облысының жұмыс берушілері белсенді орналастырды (қарашадағы барлық бос жұмыс орындарының 13,2%). Сондай-ақ, жаңа кадрларға деген жоғары қажеттілік Алматы (12,9%) және Нұр-Сұлтан (10,7%) қалаларында байқалды. Өткен аймен салыстырғанда Шымкент қаласында бос жұмыс орындарының саны 78% - ға қысқарғанын, ал өсім Ақмола облысында 1,4 мың бірлікке (өткен айға қарағанда +39%) және Алматы облысында 741 бос орынға (+12%) өскенін айта кету керек.
Қараша айында барлық бос орындардың 79%-ын шағын, орта және ірі кәсіпорындар орналастырды, яғни шамамен 83,9 мың бірлік. Тиісінше, әрбір бесінші бос орын жеке кәсіпкерлерге қажет болды. Олардың үштен бірінен астамын (37%) Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Түркістан облысының кәсіпорындары орналастырған, – деді ЕРДО басқарушы директоры Александра Молчановская.Қараша айында біліктілікті қажет ететін мамандықтар арасында мал өсірушілер, заңгерлер, қаржыгерлер және дене шынықтыру, Қазақ тілі және биология мұғалімдері көп болды. Айта кетерлік жайт, жоғарыда аталған кәсіптер бойынша мамандардың қалайтын жалақы мөлшері жұмыс берушілер ЭЕБ-да ұсынатыннан асып түседі. Мысалы, заңгер лауазымына ізденушілер орташа есеппен жалақыны айына 148 мың теңгеден бастап күтеді, ал жұмыс берушілердің «бастапқы» жалақысы 105 мың теңгеден бастап көрсетіледі.
Сонымен қатар, ЭЕБ-дағы ең жоғары ақы төленетін мамандықтарға ақпаратты қорғау жөніндегі инженерлер жатады – қараша айында оларға орташа есеппен айына 668 мың теңгеден бастап ұсынылады. Сондай-ақ жоғары ақы төленетін тізімге жалақысы 641 мың теңгеден басталатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және жүйелік инженерлер кірді – 522 мың теңге.
Түркістан облысындағы жұмыс іздеушілер ЭЕБ-да ең жоғары белсенділік көрсетеді, олар түйіндеменің ең көп санын – жалпы санның 18% - ын немесе 6,1 мың бірліктен астамын орналастырған, ал Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында адамдар ең аз жұмыс іздеген. Алайда, Павлодар облысынан басқа барлық өңірлерде 0,2%-ға өскенін көрсеткен, қараша айында түйіндеме жарияланымдарының саны төмендегені байқалады, – деп хабарлады Александра Молчановская.Жасы бойынша 31 жастан 40 жасқа дейінгі жұмыс іздеушілердің (28%) және 16 жастан 25 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастардың (21%) үлесі басым. Сонымен қатар, 60 жастан асқан жұмыс іздеушілердің үлесі мардымсыз және қараша айында орналастырылған түйіндемелердің тек 1% - ын құрады.
Жалпы, қарашада өткен айлармен салыстырғанда еңбек нарығындағы белсенділіктің төмендегені көрінді. Сонымен қатар, ЭЕБ-дағы ұсыныс жұмыс берушілердің сұранысына көбірек сәйкес келеді. Ал жұмыс іздеушілердің күтуі жұмыс берушілер ұсынатын жалақы деңгейінен сәл жоғары.