Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде ПТР-тестінің оң нәтижесі бар жағдай көбейіп келеді. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 416 жағдай тіркелді деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 308 957 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 105,
Алматы қаласында - 119,
Шымкент қаласында – 29,
Ақмола облысында – 6,
Ақтөбе облысында 3,
Алматы облысында - 42,
Атырау облысында - 12,
Шығыс Қазақстан облысында - 5,
Жамбыл облысында - 29,
Батыс Қазақстан облысында - 1,
Қарағанды облысында - 39,
Қостанай облысында - 3,
Қызылорда облысында - 5,
Маңғыстау облысында - 3,
Павлодар облысында - 5,
Солтүстік Қазақстан облысында - 7,
Түркістан облысында - 3.
Ал республикада 222 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.