Елде баспана бағасы қандай болып тұр

10 Мамыр 2024, 16:15
1239
Бөлісу:
Елде баспана бағасы қандай болып тұр
Фото: BAQ.KZ - архив

Бір жылда (2024 жылғы сәуір 2023 жылғы сәуірге) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1,6%, пәтерлерді қайта сату бағалары 0,1% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы сәуірде 3,1% жоғарылады.

Елде баспана бағасы қандай болып тұр

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе – 9,5%, Қызылорда 7,1% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көшін Атырау (12,2%) мен Жезқазған қалалары (7,1%) бастап тұр, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған (23,4%), Қарағанды (23%) және Атырау қалалары (21%).

Бір айдың ішінде (2024 жылғы сәуір 2024 жылғы наурызға) пәтерлерді қайта сату 1% өсті, ал жаңа тұрғын үйді сату 0,4% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,3% жоғарылады.

Елде баспана бағасы қандай болып тұр

2024 жылғы сәуір айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 248 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 830 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 23 418 мәміле жасалды. 2024 жылдың наурызымен салыстырғанда (26 389) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 18,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша, бұрынғысынша, Астана (5 583 – 17,9%) және Алматы (4 949 – 15,8%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 668 – 8,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 333 бірлік (1,1%).

2024 жылдың наурызымен салыстырғанда сәуірде өсім еліміздің барлық өңірінде байқалды. Теріс көрсеткіш тек Алматы (-4,7%) қаласында орын алды. Ал ең жоғарғы өсім Жетісу (58,3%-ға), Ұлытау (54,9%-ға) және Маңғыстау (42,4%-ға) облыстарында тіркелді.

2024 жылдың наурызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 12,5%-ға (2 603 мәмілеге) артты. 2024 жылдың сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 23 418 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,9%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (23,3%), Алматы (18,7%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,5%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың сәуір айында олар бойынша 8 844 мәміле ресімделген.

2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, 2024 жылдың сәуірінде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 40,5%-ға немесе 2 256 мәмілеге өсті. Сәуірде ағымдағы жылдың басынан бастап ең көп мәміле тіркелген, барлығы – 7 830. Сонымен қоса, ұлғаю еліміздің барлық аймағында байқалды. Ең жоғарғы өсім Ұлытау (85,4%-ға), Атырау (77,9%-ға) және Қостанай (66,3%-ға) облыстарында болды.

2024 жылдың сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 0,6%-ға азайған, ол кезде 31 445 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Шымкент қаласында (20,4%-ға) байқалды, ең үлкен төмендеу – Маңғыстау облысында (18,9%-ға). 2024ж. қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санының 2023ж. қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда динамика 15,1% жоғарылады.

Елде баспана бағасы қандай болып тұр
Елде баспана бағасы қандай болып тұр
Өзгелердің жаңалығы