Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%, ай басынан бері кезеңге – 0,8%, жыл басынан бері кезеңге – 18,2% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросы таратқан мәлімет бойынша, өткен аптада:
пияз – 1,3%
құмшекер – 1,4% қымбаттады.
Арзандады:
қырыққабат – 4,8%;
сәбіз – 1,3%;
картоп – 1,2%.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың (2022 жылғы 2 тамызға) орташа бағасы:
тауық еті – 1 149 тг/кг;
қарақұмық жармасы – 504 тг/кг;
күнбағыс майы – 829 тг/л.