Күн сайын 4,5 мыңға жуық адам вакциналаудан өтеді деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының" өкілдері мәлімдеді. Cоңғы екі аптада елімізде қызылша ауруының өршуіне байланысты иммундау шаралары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 13 мың адам қызылша жұқтырған. Соның 83% бес жасқа дейінгі балаларда тіркелген. Сондықтан емханаларда бірінші кезекте қызылшаға қарсы кішкентай балалар мен жасөспірімдерге екпе салынады.
Ал вакцина салдыруға қарсы көрсеткіштері бар азаматтарға иммунологтар, қоғамдық орындарда бетперде тағып, адам көп жиналған жерлерге көп бармауға кеңес береді.
Ұлттық күнтізбеге сәйкес, бұл екпе 12 ай мен 15 ай аралығында болады. Бірақ осы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, алты айдан бастап екпе жасап жатыр. Ол зиян емес, осындай бұрқ етпе жағдайда ол көрсеткіш. Нөлдік доза дейміз ғой. сондай болып саналады. 12-15 айлығында күнтізбеге сәйкес ол міндетті түрде тағы да екпе алу керек. Себебі 6 айдан бастап алған екеп көп ұзақ уақытқа қорғауыш қалыптаспайды, - деп хабарлайды ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл.