Елде 308 мектепке дейінгі ұйым ашылды

2023 жылдың басынан мектепке дейінгі ұйымдарда 30 мың орын ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 Тамыз 2023 2023, 12:33
АВТОР
 Оқу-ағарту министрлігінен 15 Тамыз 2023 2023, 12:33
15 Тамыз 2023 2023, 12:33
1260
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

2023 жылдың басынан мектепке дейінгі ұйымдарда 30 мың орын ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев атап өткендей, жыл басынан бері елімізде 30 мың орындық 308 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есеге қысқарды.

2025 жылға дейін 2-3 жас аралығындағы балалар үшін тағы 223 мың орын ашу жоспарланып отыр. Жалпы, елімізде 11320 мектепке дейінгі ұйым бар. Онда 948362 бала білім мен тәрбие алып жатыр. Бұл елдегі жалпы бала санының 89,1 пайызы.

Айта кетейік, соңғы төрт жылда білім беру қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен 25 пайызға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде жалақы тағы 30%-ға өседі.

Наверх