Елде 1 қазаннан бері 800 мыңға жуық адам тұмау жұқтырған

3 Қараша 2022, 16:06
1588
Бөлісу:
Елде 1 қазаннан бері  800 мыңға жуық адам тұмау жұқтырған

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жыл сайын қазаннан бастап сәуірге дейінгі аралықта жіті респираторлық-вирустық инфекциялармен  және тұмаумен сырқаттану маусымы байқалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша алдағы эпидемиялық маусымда вирустың үш штамы: A(H1N1), A(H3N2) және B өзекті. Олар 2022-2023 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаның құрамына енгізілген, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Айтуынша, елімізде ЖРВИ және тұмау ауруларын мониторингтеу жыл сайын 1 қазаннан 30 сәуірге дейін жүргізіледі. 

Биыл эпидемиялық маусымның басынан бастап, яғни 1 қазаннан бері 764 247 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Республикадағы сырқаттанушылық өткен жылдың осындай кезеңіндегі деңгейде. Тұмаудың 521 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Қызылорда облысында – 128, Жетісу облысында – 84, Ақтөбе облысында – 69, Алматы қаласында – 60, Қарағанды облысында – 41, Астана қаласында – 38, Ақмола облысында – 26, Қостанай облысында – 15, Жамбыл облысында – 19, Маңғыстау облысында – 13, Павлодар, Атырау облыстарында – 7 жағдайдан, Батыс Қазақстан облысында – 6, Солтүстік Қазақстан облысында – 4, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында – 2 жағдайдан анықталды. Оның ішінде, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 179, жүкті әйелдер арасында – 106 адам шалдыққан, - деді Роза Қожапова.

Өзгелердің жаңалығы