Елдана Тәліпова Өзбекстан боксшысын жеңіп, финалға шықты

Қазақстандық Елдана Тәліпова бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰОК 4 Шілде 2025 2025, 23:33
4 Шілде 2025 2025, 23:33
966
Фото: ҰОК

Қазақстандық Елдана Тәліпова бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы турнирді бірден жартылай финалдан бастады.

Тәліпованың алғашқы қарсыласы Өзбекстан өкілі Олтиной Сотимбоева болды.

ҚР ҰОК мәліметінше, үш раундтың қорытындысы бойынша Елдана Тәліпова жеңіске жетті. Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып әлем кубогының финалына шықты.

Наверх