Елдана Тәліпова бокстан Әлем кубогының күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елдана Тәліпова бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бокс федерациясы 6 Шілде 2025 2025, 22:28
6 Шілде 2025 2025, 22:28
801
Фото: Бокс федерациясы

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елдана Тәліпова бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Елдана Тәліпова алтын медаль үшін Үндістан өкілі Нупурға қарсы айқасты.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, төрешілердің шешімі бойынша үндістандық спортшы жеңімпаз атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші күміс медаль түсті.

Наверх