Елбасының еңбегі ерен

26 Наурыз 2019, 17:23
2071
Бөлісу:
Елбасының еңбегі ерен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қалалық Әзербайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Арзу Гурбанова Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық алдында берекелі бірлік пен тұғырлы татулықтың озық үлгісі болғанын айтты.

«Бүгінде көгінде көк туы желбіреп, әлем таныған, шекарасы бекітіліп, халқы достық пен өзара ынтымаққа ұйыған, жер жәннаты саналған берекелі елде өмір сүрудеміз.

Біз ел тарихының тағы бір жаңа парағы ашылып, егемен еліміздің күнтізбесінде тағы бір маңызды сәтке куә болып отырмыз. Н.Ә.Назарбаев Қазақ елі мен жерін соқтықпалы-соқпақсыз, тар жол-тайғақ кешу талай кезеңдерден, замананың қатал сындарынан сүріндірмей, іргесі мен еңсесін сақтап қана қоймай, бүгінде әлемге танылып, әлем мойындаған мемлекеттің негізін қалаушы.

Елбасы елім еңсесін тіктесін, халқымыз бейбіт аспан астында ғұмыр кешсін, тұрмысы түзелсін, өзара татулықты арқау етсін деген қағидаттарды ұстанып, ел жолында тынымсыз еңбек етті. Жаһанда жер көлемі жағынан алғашқы ондыққа кіретін Ұлы дала төсінде тұратын сан алуан этнос өкілдерін ұлы мақсатқа ұйыстырып, тәуелсіз Қазақстанның қабырғасын қатайту принципімен отыз жылға жуық жүйелі жұмыс істеді.

Тек қана ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы тұрғысынан келер болсақ, жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырып, шашау шығармай басқарып, әр этностың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасады. Бұл тұрғыда біз дүниежүзілік қауымдастық алдында шын мәнінде берекелі бірлік пен тұғырлы татулықтың озық үлгісін ұсындық. Осы сынды сындарды саясаттың барлығы Тұңғыш Президентіміздің жүйелі жұмысының жеңісі мен жемісі деп білемін.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін ел-жұрты, туған халқы әрдайым мойындайды. Халқымыз Тұңғыш Президентіміз өкілеттігін тоқтатқанмен бәрібір Елбасыны Білге қағандай сыйлап, бағалайды. Бұл баға тарихтың берер бағасы болатындығына еш күмән келтірмеймін», - деді Арзу Гурбанова .

Өзгелердің жаңалығы