Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің instagram-дағы парақшасына шаңғы теуіп келе жатқан суретін жүктеп, жастарды спортпен айналысуға шақырды.
Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын, - деп жазды Елбасы.