Елбасы кітапханасында «open space» форматында кәсіби сессиясы өтті

27 Мамыр 2022, 16:03
1725
Бөлісу:
Елбасы кітапханасында «open space» форматында кәсіби сессиясы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «open space» форматында «Кітапхана мен архив – ақпараттық-білім беру және ғылыми-зерттеу ортасының элементі» кәсіби сессиясы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы баспасөз қызметі.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, архив, кітапхана салаларының мамандары, мемлекеттік архивтердің, ұлттық және ғылыми кітапханалардың қызметкерлері, тарихшылар мен ғалымдар қатысты.

Елбасы кітапханасында «open space» форматында кәсіби сессиясы өтті

Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалдың тұсында біз кітапхана мен архив салаларында тәжірибе мен жүйелі ұсыныстармен алмасуымыз тиіс. Қазіргі уақытта бұл мекемелер келушілермен жұмыс істеудің жаңа үлгілерін белсенді игеріп жатыр. Олар архив құжаттары мен қағаз бетіне терілген әдебиеттерді ірі ауқымда цифрлап,  қомақты электрон каталогтар мен архив-кітапхана ресурстарының қорын құруда. Яғни кез келген ұлттың, жалпы адамзаттың рухани-ақпараттық ресурсы ретінде кітапханалар мен архивтердің мәдени-тарихи мұраны сақтаудағы рөлі жойылмайды, керісінше күшейеді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында атап өткендей: «...Соңғы отыз жылдағы жасампаздық жолымыз да бүгінде тарихқа айналып, күн сайын алыстап барады. Азаттық таңын өз көзімен көрген алдыңғы буын болмаса, кейінгі жастар өткен ғасырдың 90-жылдарындағы тарихи оқиғалардың тереңіне бойлап, мәнін жете түсіне бермейді. ...Сол үшін Қазақстанның жаңа тарихын да жүйелі зерттеген жөн». Ал Елбасы кітапханасында сақтаулы тұрған құжаттар – тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды дереккөздерінің бірі, - деді Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

Елбасы кітапханасында «open space» форматында кәсіби сессиясы өтті

ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның, жаңа технологиялардың дәуірі. Аға буын ретінде бұл кезеңде біз жаңашыл шешімдерді тиісті салаларда қолданып,  өскелең ұрпаққа білім берудің тиімді тетіктерін қарастыруға міндеттіміз. Сондықтан аталмыш кәсіби сессияны қоғамымыздың мәдени, рухани өміріндегі маңызды іс-шаралардың бірі санаймын. Бүгінде кітапхана мен архив салаларында автоматтандыру, цифрландыру ісі бойынша бір қатар іс атқарылып жатыр. Мәселен, «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасының аясында біз алыс-жақын мемлекетттерден еліміздің тарихына қатысты құнды құжаттарды алдыртып жатырмыз. Бірнеше мемлекетте дерек жинаған ғалымдарымыз мен архивистеріміздің алғашқы қатары осы айда елге оралды. Алдағы уақытта цифрланып, ғылыми айналымға енетін олардың жиған еңбегін біз халық тарихының үлкен олжасы деп білеміз. Себебі кез келген мемлекет мәдени мұрасы мен оның сақталуымен, сол қазынаны өскелең ұрпаққа жеткізе білуімен бағаланады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, жауапты істі жүзеге асыруда бірлесіп атқарар жұмысымыз, ортақ жобаларымыз көбейе берсін», - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Елбасы кітапханасында «open space» форматында кәсіби сессиясы өтті

Еліміздің түкпір-түкпірінен білікті мамандарды кәсіби сессияға жинаған Елбасы кітапханасына ризашылығым шексіз. Мазмұнды шараның аясында ортаға салынып жатқан өзекті тақырыптар сала өкілдерін тың деректермен сусындатып жатыр. Сол білімді іс жүзінде қолдануға ниетті азаматтарды көру – үлкен қуаныш. Шындығына келгенде кітапхана мен архивтей мәдениеттің ордасында өткеннің бар байлығы шоғырланған. Құнды тарихтың келешекке тигізер пайдасы да көп. Себебі өткенін білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр,- деді Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету  қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мірболат Жақыпов.

Елбасы кітапханасында «open space» форматында кәсіби сессиясы өтті

Сессия аясында келесі бағыттар бойынша үш секция ұйымдастырылды:

  • мемлекеттік архивтердің ақылы қызмет көрсетудегі жаңа мүмкіндіктері;
  • кітапхананың оқырмандармен жұмысындағы жаңа мәселелер мен үрдістер, даму перспективалары;
  • кітапхана мен архив қызметі мен ресурстарына қашықтан қол жеткізу модельдері.

Сондай-ақ іс-шара барысында Елбасы кітапханасы оқу залының ашылу салтанаты өтті. Бұл жерде келушілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке архиві мен кітапханасының бірегей материалдарымен таныса алады. Оқырмандар назарына бұл материалдардың түпнұсқасы да, сандық көшірмесі де ұсынылмақ

Өзгелердің жаңалығы