Елбасы ішкі істер министрін қабылдады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады.&nbsp;</h4> <br>

 26 Желтоқсан 2019 2019, 09:26
26 Желтоқсан 2019 2019, 09:26
8386

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.

Кездесу барысында Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша Қазақстанда қылмыс саны 16% азайған.

Сонымен қатар, Е.Тұрғымбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.

Наверх