Елбасы Бағдат Әміреевті қабылдады

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Бұл туралы Елбасының жеке сайты хабарлады.&nbsp; </p> </h4>

8 Қазан 2019 2019, 19:03
АВТОР
 8 Қазан 2019 2019, 19:03
8 Қазан 2019 2019, 19:03
1856

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Бұл туралы Елбасының жеке сайты хабарлады. 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің 7-ші Саммитіне дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

"Мен Президент Ильхам Әлиевпен кездестім. Ол Сізге ізгі тілектерін жеткізуді өтінді. Сонымен қатар, мен Түркі әлемінің басқа да көшбасшыларымен кездестім. Олар да Сізге зор ризашылығын білдіріп, жылы лебіздерін жолдап жатыр", - деді Б.Әміреев.

Наверх