Елбасы Абу-Дабидегі шейх Заид мешітіне барды

14 Наурыз 2019, 08:11
2954
Бөлісу:
Елбасы Абу-Дабидегі шейх Заид мешітіне барды

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласындағы көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітін аралады. 

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласындағы көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітін аралап көріп, осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мешіт ғимаратының архитектуралық ерекшелігімен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мешітке бір уақытта 50 мың адам сыяды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы 17 400 шаршы метр.

Назарбаев мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдау үшін Әмірліктерге барды.
Өзгелердің жаңалығы