Ел жолдары су тасқынына қаншалықты дайын?

Су тасқыны қаупі азайды

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 10:51
Бүгiн 2026, 10:51
193
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев  ел аумағындағы автожолдарды су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, атқарылған шаралардың нәтижесінде қауіпті учаскелер саны екі есеге қысқарған

2024-2025 жылдары бір мыңнан астам су өткізу құбырлары салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қауіпті учаскелер саны екі есеге қысқарды. Сонымен қатар, тасқынды алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 219 карьер іске қосылып, инертті материалдар қоры қамтамасыз етілді. Құм, топырақ, қиыршық тас пен кесектас секілді негізгі жол-құрылыс материалдары әзірленді, - дейді Иманашев Үкімет отырысында.

Бұған дейін ТЖМ қауіпі жоғары өңірлерді атаған еді.

Наверх