Ел тұрғындарының биометриялық деректерінің қауіпсіздігіне қатысты проблемалар анықталды

29 Мамыр 2022, 17:49
1206
Бөлісу:
Ел тұрғындарының биометриялық деректерінің қауіпсіздігіне қатысты проблемалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың биометриялық деректерінің қауіпсіздігіне қатысты проблемалар бар. 

Бұл туралы Сүлейман Демирел атындағы университетте Жас ғалымдардың халықаралық конференциясында заңгер Дана Мұхамеджанова мәлімдеді. 

Айтуынша, Қазақстанда тұратын барлық азаматтың биометриялық деректері сканерден өткізіледі. Ол процеске тіпті елімізде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да қатысуға міндетті. 

Қазақстанда тұратын барлық азаматтың биометриялық деректері сканерден өткізіледі. Ол процеске тіпті елімізде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да қатысуға міндетті. 

Бұл талап кәмелетке толмағандарға да қойылады. Қабылданған шаралар кезең-кезеңімен күшіне енген «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Заң 2021 жылдың 1 қаңтарында алғаш рет күшіне енді, ал екінші кезеңі 2023 жылға жоспарланған. Дактилоскопия – саусақ іздері арқылы адамның тегін анықтайтын ғылым түрі, – деп түсіндірді ол. 

Заңгердің мәлімдеуінше, ғылыми-зерттеу жұмысының аясында құқықтық тәсілдер мен құқықтық реттеудің үлгілерін қолдану тәжірибесіне талдау жасалған. Сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру және адамның жеке өміріне қатысты деректердің құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша құқық қолдану тәжірибесі зерттелді. Баяндама жасау барысында спикер Қазақстан азаматтарының биометриялық деректерін сақтау қауіпсіздігіне байланысты проблемаларға да тоқталды. Биометриялық деректер оларды сақтауға арналған деректер базасында болады. Дегенмен, ел азаматтарының биометриялық деректерін сақтау және өңдеу әдістерінің қауіпсіздігіне күмән келтіретін бірнеше мәселе бар.

Мысалы, мемлекеттік органдардың деректер базасынан осы уақытқа дейін ақпараттардың сыртқа шығып кетуі соның дәлелі. Бұл – қауіпсіздікті бақылаудың және деректер базасына қолжетімділікті шектеудің тиімді механизмінің жоқтығынан туындаған мәселе. Деректер базасына үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруі, жалған транзакциялар, деректерді енгізудегі қателер және олардың бұрмалануы, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді шектеу қағидаттарының бұзылуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Сондай-ақ саусақ ізі мен геномдық ақпаратты сақтау мерзімдерін қалыптастыру тәртібі, жеке ақпаратты ұзақ уақыт сақтаудың нақты қажеттілігі мен мақсаты түсініксіз, – деді   Дана Мұхамеджанова. 

Өзгелердің жаңалығы