Ел тұрақтылығы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне тікелей байланысты - Еркін Тұқымов

6 Маусым 2022, 18:20
3943
Бөлісу:
Ел тұрақтылығы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне тікелей байланысты - Еркін Тұқымов
Фото: inform.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «ҚСЗИ GPS» сараптамалық алаңының кезекті отырысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ҚСЗИ жүргізген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері референдум қорытындысымен сәйкес келген. 

Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес референдумға қазақстандықтардың 68,06%-ы қатысқан. Мамыр айының басында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 1200 респонденттің арасында телефонмен сауалнама  жүргізді. Сауалнаманың нәтижесіне сәйкес олардың 66,4%-ы референдумға қатысуға дайын болған. Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің болжамымыз бүгінгі нәтижемен сәйкес келді. Біз тағы бір мәрте бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүру жолындағы беріктігімізді көрсеттік. Азаматтардың дауыс беруге келуі экзитполдың үш компаниясының деректері бойынша, олардың бірігуінің жаңа деңгейінің көрінісі болып отыр, - деді институт директоры. 

Сонымен қатар ол референдум ел халқының бірлігі мен ұйымшылдығының тарихи сәтіне айналғанын айтты. 

Жалпы, 5 маусым күні халқымыз елдің әрі қарайғы тағдырын айқындай отырып, конституциялық дауыс беру құқығын толықтай деңгейде іске асырды. Референдум Президент Тоқаевтың саяси реформаларының ауқымды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру үшін берік негізді құруға мүмкіндік берді. Жақын арада қолданыстағы конституциялық заңдар қайта қаралып, 20-дан астам жаңа заңдар қабылданады. Еліміздің жаһандағы тұрақтылығы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісінің қаншалықты тиімді болатындығына байланысты, - деді Еркін Тұқымов. 

Өзгелердің жаңалығы