Ел спортшылары қандай жарыста бақ сынайды?

Кеше, 20:32
359
Бөлісу:
Ел спортшылары қандай жарыста бақ сынайды?
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрлігі 10-16 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10-15 наурыз: Биатлоннан IBU кубогінің 8-кезеңі

Жарысқа Қазақстан құрамасынан 4 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Отепя қ., Эстония.

10-18 наурыз: Пара жүзуден Әлемдік кезең

Халықаралық жарыста 5 спортшымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Линьяно-Саббьядоро қ., Италия.

11-14 наурыз: Пара үстел теннисінен ITTF World Para Future Costa Brava 2025 турнирі

Әлемдік сайыста 5 спортшымыз ел намысын қорғайды.
Өтетін орны: Коста-Брава қ., Испания.

12-13 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңі

Жарыста ел құрамасынан 2 спортшы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Осло қ., Норвегия.

13-16 наурыз: Конькимен жүгіруден жекелей қашықтықтағы әлем чемпионаты

Қазақстан құрамасынан 5 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Хамар қ., Норвегия.

13-17 наурыз: Дәстүрлі садақ атудан «Жақсығұл мерген» атындағы Азия кубогі

Жарысқа 10 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан, Үндістан, Түркменстан және Қытай мемлекеті бар.

Өтетін орны: Шымкент қаласы

14-16 наурыз: Шорт-тректен әлем чемпионаты

Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Бейжің қаласы, Қытай.

14-16 наурыз: Семсерлесуден Гран-при жарысы

Бұл турнирге 14 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Будапешт қаласы, Мажарстан.

14-16 наурыз: Велоспорттан Ұлттар кубогі турнирі

Жарыс жолына 9 спортшымыз шығады.
Өтетін орны: Конья қаласы, Түркия.

14–16 наурыз: Каратэден Karate1 Premier League турнирі

Бәсекеде ел құрамасынан 13 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Ханчжоу қаласы, Қытай.

14-17 наурыз: Таэквондодан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты

Ішкі біріншілікке 15 облыстан 500 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Орал қаласы

15-16 наурыз: Фристайл-могулдан әлем чемпионаты

Ел намысын 7 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Энгадин қаласы, Швейцария.

Өзгелердің жаңалығы