Бүгін елімізде президент сайлауы өтіп жатыр. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп дамуына, елдің ертеңі үшін ұлттық спорт өкілдері де алаңдайды. Бұл туралы желідегі парақшасында қазақстандық палуан Айбек Нұғымаров жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ел президентін сайлау - әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды қадам. Қазақ күресінен ел мақтанышына айналған балуандар - қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы және бес дүркін Азия чемпионы, үш дүркін Әлем Барысы, екі дүркін Қазақстан Барысы - Айбек Нұғымаров, биылғы Қазақстан барысы - Мақсат Исағабылов, қазақ күресінен Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы мен жүлдегері, Лондондағы Олимпиада ойындарының қатысушысы - Ержан Шынкеев, 2014 жылғы Қазақстан Барысының жеңімпазы - Мұхит Тұрсынов, сондай-ақ, қазақ күресінен Әлем чемпионатының жүлдегері Ержан Ереңқайыпов пен қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері - Тоқтарбек Айдарбек өздерінің азаматтық борышын орындап, сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Біздің палуандарымыз баршаңызға, әсіресе жастар үшін үлгі болады деп үміттенеміз, әркім өз таңдауын жасайды!, - деп жазды ол.