Ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам

12 Мамыр 2022, 21:13
2070
Бөлісу:
Ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі.  Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья  Дементьева конституциялық референдум өткізу жөніндегі бастаманы түсіндіру мақсатымен Сандықтау ауданының мемлекеттік орган қызметкерлері, қоғам белсенділерімен кездесті.

Халық қалаулысы Дементьева Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында айтылған Конституцияға түзетулер енгізу  бойынша референдум өткізу жөніндегі бастамасын қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

Біздің басты міндетіміз – ақмолалықтар арасында алдағы референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. 5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді. Қазақстандықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған алдағы реформалар бағыттары бойынша өздерінің болашағы үшін басты таңдау жасауы тиіс, - деді Наталья Дементьева.

Сапар аясында Наталья Дементьева «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ермек  Нұғыманов бастаған өңірдегі референдумды қоғамдық қолдау штабының мүшелерімен  Мемлекет басшысының 29 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында айтылған  Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы бастамасын түсіндіру мақсатында Сандықтау ауданының орталық аудандық ауруханасында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Бесінші маусымдағы референдумда ел азаматтары «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасына өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндігі бар. Бұл өте маңызды түзетулер, Президент өзінің отандастарына жасаған бейне үндеуінде айтып өткендей, бұл саяси оқиға тағдыршешті мәнге ие, - деп атап өтті Наталья Дементьева.

Орталық референдум комиссиясының ақпараты бойынша, дауыс беруге арналған бюллетень қазақ және орыс тілдерінде толтырылған. Бюллетеньде «Сіз 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған» Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген бір ғана сұрақ болады.

Қазіргі референдумның ерекшелігі-Президент Конституциялық реформаны бастайды, ол кеңейтілмейді, керісінше оның өкілеттіктерінің бір бөлігін басқа билік институттарына қайта бөледі, -деп түсіндірді халық қалаулысы.

Референдумның өтуі үшін тізімге енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысуға тиіс. Ел азаматтарына СМС жіберіледі, онда дауыс беруге құқығы бар азаматтар тізімінде өзін тексеру ұсынылады. Егер референдумға дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, ол өткізілді деп есептеледі. Түзетулер, егер қатысушылардың жартысынан көбі дауыс берсе, қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы