Ел чемпионаты. Жамбы атудың сұрмергендері

23 Мамыр 2019, 11:52
2607
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Жамбы атудың сұрмергендері

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионатының төртінші күні Жамбы атудың мергендері алаңға шықты.

Еліміздің барлық өңірінен 22 спортшы өзара мергенді анықтайды. Ойынның «Қалқан ату» мен «Жамбы ату» түрінен үш-үш кезеңнен өткізетін бәсекеге Ақмола облысынан – 2, СҚО – 2, Қызылорда облысынан – 2, Нұр-Сұлтан қаласынан – 3, Алматы қаласынан – 2, Жамбыл облысынан – 2, Түркістан облысынан – 2 ойыншыдан және Павлодар, ШҚО, Қостанай, Маңғыстау, БҚО және Атырау облыстарынан бір-бір ойыншыдан бақ сынайды.

Сонымен, Қазақстан Республикасының ересектер арасында Жамбы атудан V кезектічемпионатында бақ сынайтын мергендермен таныс болыңыздар.

Нұрсұлтан Жүсіпәлин (Ақмола облысы);
Азамат Нұртаев (Ақмола облысы);
Талғат Омарбаев (Қарағанды облысы);
Еламан Қинаят (Павлодар облысы);
Мақсат Исин (СҚО);
Әлия Бекен (СҚО);
Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы);
Әли Ибрагим (Қызылорда облысы);
Ынтымақ Шыңғысбай (Нұр-Сұлтан қаласы);
Диас Ахметов (Нұр-Сұлтан қаласы);
Қасиет Шыңғысбаева (Нұр-Сұлтан қаласы);
Ералхан Айкөз (Түркістан облысы);
Айтбек Сарыбай (Түркістан облысы);
Ерлан Юсупов (ШҚО);
Самат Қалиев (Жамбыл облысы);
Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы);
Дәулетхан Жұмахан (Қостанай облысы);
Қазыбек би Қабиев (Маңғыстау облысы);
Әлия Камалова (Алматы қаласы);
Серік Әлібаев (Алматы қаласы);
Орынбасар Әжіғалиев (Атырау облысы);
Жанәділ Ғазезов (БҚО).

Өздеріңіз байқағандай, Жамбы ату спортында еліміздің арулары да қалыс қалмаған екен. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және СҚО-дан келген қос Әлия мен бір Қасиеттің жамбы атуға қатысуы бұл спорттың ерекшелігін таныта түскендей.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Теңге ілуден Қазақстан чемпионы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы