Ел чемпионаты. Қарағанды "Саттыдан" жеңілді

22 Мамыр 2019, 17:09
2081
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Қарағанды "Саттыдан" жеңілді
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Топтық кезеңнің соңғы ойыны Павлодар облысының "Сатты" командасы мен Қарағанды облысының құрама командалары арасында өтті.

D тобында өнер көрсеткен қос команда бүгінгі ойынның соңғы нүктесін қойды. Бұған дейінгі ойындарда Ақмола облысының "Жекебатырына" есе жіберген қос команда өзара мықтыны анықтау үшін барын салды. Арқа төсін дүбірлеткен жігіттер Талас Алатауының бөктерінде біліктілік таныта алмады. Ерке Ертістің бойынан келген "Сатты" сатырлатып салым салғанда, Сарыарқаның саңылақтары шынымен сасып қалды.

Ел чемпионаты. Қарағанды "Саттыдан" жеңілді

Ойынның алғашқы айналымында-ақ Ержан Тосжановтың жігіттері есепті 5:0-ге жеткізді.

Қарағанды облысы құрамасы, команда капитаны – Ерлан Оспанов, жетекшісі – Шеризат Қазтаев.

Ел чемпионаты. Қарағанды "Саттыдан" жеңілді

Павлодар облысы "Сатты" командасы, команда капитаны – Ержан Тосжанов, жетекшісі – Жасұлан Әлиев, жаттықтырушысы – Амантай Солтанов.
Екінші айналымда Қарағанды облысының балуандары есепті айтарлықтай өзгерте алмады. Бұл мүмкіндікті "Саттының" жігіттері сәтті пайдаланды. Есеп – 8:2.
Салым салғандар:

Қарағанды облысы құрамасы: Марғұлан Исақ – 2 салым.

Ел чемпионаты. Қарағанды "Саттыдан" жеңілді

"Сатты": Фархат Мұхитов – 1 салым, Мадияр Бағлан – 2 салым, Төрехан Амангелді – 1 салым, Жасұлан Рустамбек – 4 салым.

Естеріңізге сала кетейік ертең, яғни чемпионаттың төртінші күні алаңға Теңге ілудің ептілері мен Жамбы атудың сұрмергендері шығады.
Ал бұған дейін хабарлағанымыздай көкпардан финалдық ойындары 26 мамыр күні өтетін болады.

Ел чемпионаты. Қарағанды "Саттыдан" жеңілді

Өзгелердің жаңалығы