Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының 22.00-дегі брифингі барысында орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров осылай мәлімдеді.
Таңғы 8.00-де басталған дауыс беру науқаны Астана уақытымен 22.00-де аяқталды. Тек шетелдегі 44 сайлау учаскесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылық фактілер тіркелмеген.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Абай облысы бойынша – 80,18%,
Ақмола облысы бойынша – 78,87 %,
Ақтөбе облысы бойынша – 72,20 %,
Алматы облысы бойынша – 72,10 %,
Атырау облысы бойынша – 70,87 %,
Батыс Қазақстан облысы бойынша –68,67%,
Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %,
Жетісу облысы бойынша – 81,42 %,
Қарағанды облысы бойынша – 78,39%,
Қостанай облысы бойынша – 79,28%,
Қызылорда облысы бойынша – 81,07 %,
Маңғыстау облысы бойынша – 66,99 %,
Павлодар облысы бойынша – 77,58%,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%,
Түркістан облысы бойынша – 80,37 %,
Ұлытау облысы бойынша – 75,48%,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %,
Астана қаласы бойынша – 48,60 %,
Алматы қаласы бойынша – 28,72 %,
Шымкент қаласы бойынша – 59,79 %-ды көрсетті, – деді Константин Петров.
Сонымен қатар, соңғы нәтиже бойынша 8 млн 299 мың 501 адам сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беру нәтижесі туралы ОСК ертең хабарлайтын болады.