Ел бойынша 600 медиатор тегін курстан өтеді

29 Мамыр 2023, 11:17
855
Бөлісу:
Ел бойынша 600 медиатор тегін курстан өтеді

Кәсіби жаттықтырушыларға арналған тегін курс «Қазақстанда медиацияны дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылады деп, хабарлайды BAQ.KZ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстанда медиацияны дамыту» жобасын іске асырыла бастады. Әлеуметтік жоба қоғамда медиация институтын танымал етуге, медиация тәртібімен аяқталған істер санын арттыруға бағытталған.

Жоба шеңберінде «Халықаралық келіссөздер академиясы қауымдастығы» ЗТБ халықтың әртүрлі топтары арасында «Медиация туралы» заңды түсіндіру бағытында түрлі жұмыстарды жүргізеді, кәсіби және қоғамдық медиаторларды оқытуды, диалог алаңдарын ұйымдастырады, сондай-ақ медиацияны одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.

Жобаны іске асыру арқылы біз республикалық деңгейде медиаторлар қауымдастығын құруға мүмкіндік аламыз. Бұл өз кезегінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіруге, медиаторлар жұмысының бірыңғай стандарттарын құруға, салада қолданылатын әдістер мен проблемалар туралы ақпараттың айналымына ықпал ететін болады. Жоба аяқталған соң біз Қазақстандағы медиация саласының жай-күйі туралы 2 ұлттық баяндама дайындауды, өңірлерде кемінде 600 медиаторды оқытуды, сондай-ақ 60 медиатор-жаттықтырушыны даярлауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ 6 медиаторды халықаралық тәжірибеге жіберуге ниеттіміз, – дейді жоба жетекшісі Ислам Болатұлы.

Айта кетейік, «Қазақстанда медиацияны дамыту» жобасы 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы