Сәуір айында Қазақстан туристерге арналған ауқымды мәдени шаралар легін ұсынады. Ел бойынша барлығы 55 ірі мәдени-туристік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан бұл кезеңде отандық және шетелдік қонақтарды әдебиет, қолөнер және заманауи технологияларды тоғыстырған ерекше жобалармен қарсы алады.
22-26 сәуір, Астана – Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Келушілер жаңа кітаптардың таныстырылымына қатысып, авторлармен кездесіп, түрлі білім беру сессияларына қатыса алады.
23-24 сәуір, Жамбыл облысы – «Тараз – қолөнершілер қаласы» этномәдени фестивалі ұйымдастырылады. Қонақтар шеберлер көшесін аралап, шеберлік сабақтарына қатысып, халық шеберлерінің бірегей туындыларымен танысады.
26 сәуір, Қостанай облысы – алғашқы отбасылық технофестиваль TechTrail Qostanai өтеді. Бағдарламада инженерлік квесттер, интерактивті зертханалар және өндірістік кәсіпорындарға экскурсиялар қарастырылған.
Биыл еліміз бойынша 55 ірі мәдени-туристік іс-шара өткізу жоспарланған. Туристерге сапарларын алдын ала жоспарлап, өз қызығушылықтарына сай шараларды таңдауға кеңес беріледі.