Ел азаматтары зейнет жинағын инвестицияға сала алады - Дүйсенова

27 Маусым 2023, 14:12
638
Бөлісу:
Ел азаматтары зейнет жинағын инвестицияға сала алады - Дүйсенова
Фото: Артём Чурсинов - архив

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келесі айдан бастап зейнетақы қорындағы ақшаның 50 пайызын инвестициялық компанияларға аудару үшін не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дүйсенова жеке компанияға аударған қаражаттың табыстылығы мен табысының болмай қалуы сол компанияға байланысты екенін айтады.

Нарықтағы компаниялардың бірін таңдап, зейнетақы жинақтау қорына барып, мен ақшамның елу пайызын сол компанияға аударғым келеді деп өтініш бересіз. Ол үшін алдымен жинақтаушы қорына барып, арыз жазу керек. Соның негізінде сіздің қаржыңыз компанияға жіберіледі, - деді Дүйсенова үкімет кулуарында.

Сондай-ақ Дүйсенова егер салым табыссыз болып қалса, онда оған мемлекеттік гарантия болмайтынын ескерті.

Компанияны таңдағанда соны есепке алуымыз керек, - деп ескертті министр.

Өзгелердің жаңалығы