Соңғы кездері еліміздің аумағында автомобильдердің өртенуі жиілеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер 5 жеңіл автокөлік өртін сөндірген.
Мәселен, кеше Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында бір-бірден, ал Алматы қаласында 2 жеңіл автокөлікті өрт шалды.
Өрттер сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Көбінесе жанғыш материалдардан тұратын автокөлік 4-6 минут ішінде толығымен жанып кетеді. Мұндай өрттен автомобильдің бензинді багының немесе газ баллонының жарылуынан жарақат алмау үшін кем дегенде 10-15 метр қашықтықта болуыңыз шарт, - деп атап өтті ведомстводан.
ТЖМ көлік салонында жұмыс істейтін ұнтақты өрт сөндіргішті ұстауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз: